Баспасөз парақшасы ҚР ҚК 102-б, 1-б. қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша

03 октября 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

21.08.2013 жылы Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр көшесіндегі  № 175 үйдің  49 пәтерінде Б.М. Шагировтың асылған күйіндегі мәйіті табылды.
Бұл ретте, оқиға орынын қарау барысында, оның қайтыс болар алдында  «В моей смерти винить А.Бердалина и Ж.Касымова Шагиров Б М қолы» деп жазылған қағазы табылды.    
          Осы дерек бойынша Ақтөбе қаласының ІІБ 26.08.2013жылы ҚР ҚК 102-б, 1-б. қарастырылған қылмыстық құрам белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
         Қазіргі жағдайда келесідейлер анықталды.
          Жұмыс орнында марқұмды соңғы рет ү.ж. 29 шілде күні көрген, келесі күні ол жұмысқа шықпаған, ал, 3 тамыз күні әріптестері мен туысқандары ішкі істер органдарына Б.М. Шагировтың жоғалып кеткені туралы хабарлап өтініш білдірген.
          Пәтер иесі мәйіт табылған пәтерді жалға беруді агенттік арқылы жүзеге асыратыны, ал 08.08.2013 жылы онымен ұялы телефон арқылы ер адам(Б.М. Шагиров) байланысқа шыққаны және пәтерді 1 ай мерзімге 50 000 теңге төлеп, жалға алғаны туралы хабарлады.
           Марқұмның жұбайы 27.07.2013жылы Комсомол селосынан Ақтөбе қаласына қарай дәрігерлік тексеруден өту үшін шыққаны, ал жолдасының  өз үйлерінде қалғаны туралы айтып көрсетті.
          30.07.2013жылы   жолдасының жұмысқа шықпағаны және тұратын мекен-жайында болмағаны туралы оған  аурухана қызметкерлері арқылы белгілі болды. Бұрын үйден бұлай кетпейтін. Отбасында ешқандай ұрыс-жанжал болмаған, қарым-қатынастары қалыпты болған.
          Б.М.Шагировтың Әйтекеби ауданы ауруханасының бас дәрігері қызметіне 2012жылы тағайындалғандығы анықталды.
        Тағайындалған кезден бастап ауруханада ешқандай  құрылыс немесе жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, қаржыландыру  Ақтөбе облысының денсаулықсақтау Басқармасымен жүзеге асырылады.
       Ж.Қасымов және Әйтекеби ауданының Әкімі А.Б.Бердалин (өлер алдында жазылған қағазда  атап көрсетілген)  іс жүргізуде  куәгерлер ретінде, олардан қазіргі кезде тергеудегі іс жағдайлары бойынша  жауап алынуда.
      Өкінішке орай, тергеу құпиялылығын ескеріп, өзге деректер мен жағдайларды жариялау мүмкіндігі жоқ.
        Алайда, Ақтөбе облысының прокуратурасы нақты кінәсі анықталғаннан кейін барлық кінәлілер заңмен қарастырылған жауаптылыққа тарытылатыны туралы ресми түрде растайды.     
Ақтөбе облысы прокуратурасының
 баспасөз қызметі
   

Комментарии

Добавить комментарий