Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

09 августа 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрығымен Ақтөбе облысы  прокурорының  орынбасары қызметіне 1977 жылы дүниеге келген, аға әділет кеңесшісі Бауыржан Мендебаев тағайындалды.

Мендебаев Б.Б. құқық қорғау органдарында – 1998 жылдан, прокуратура органдарында 2000 жылдан бастап қызмет атқарады.

Әр түрлі уақыт кезеңдерінде Мемлекеттік кірістер Комитетінде, Алматы облысы прокуратурасы және Бас прокуратурада әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 

Алматы қаласының Жетісу ауданының прокуроры, Алматы облысы прокуратурасының басқарма бастығы, Мемлекеттік кірістер Комитеті басқармасының басшысы – басшылық лауазымдарында қызмет өткерген жұмыс тәжірибесі бар.

Қазіргі тағайындалуға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымында қызмет атқарған.

Құқық қорғау қызметіндегі еңбек өтілі 19 жылдан астам.

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Комментарии

Добавить комментарий