Білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне үстемақы төлеу қамтамасыз етілді

18 апреля 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытқаны үшін, мектеп мұғалімдеріне үстемақы төлеуді жүзеге асыру білім беру органдарына міндеттелді.    

Прокурорлар білім беру мекемелері қызметкерлерінің  еңбек құқықтарының сақталуы жағдайына жүргізілген талдау шеңберінде 2016-2018 оқу жылдарында  жаратылысы  мен ақыл-ой дамуында ауытқушылықтары (кемістіктері) бар балалармен жұмыс жүргізгені  үшін, облыс бойынша барлығы 813 мектеп   мұғаліміне  6 млн. астам теңге төленбегенін анықтады. 

Ал іс жүзінде қолданыстағы заңнамада жұмыстың  аталған жағдайдағы түрлері үшін, оқытушыларға айлық еңбекақысының  40% мөлшерінде үстемеақы төлеу қарастырылған  («Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 31.12.2015 жылғы № 1193 Үкімет қаулысы, «Білім беру туралы» Заңының 52-бабының 4-тармағы).    

Прокурорлық ықпал ету  шараларымен заң бұзушылықтар жойылды, 3 лауазымды тұлға  тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

 

Комментарии

Добавить комментарий