Алаяқтыққа қарсы іс-әрекет туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгінгі таңда құқыққорғау органдарымен алаяқтыққа қарсы колданылып жатқан  күштерді бұрынғыдан да тығыз  шоғырландырып,  онымен күрестің жана тәсілдемелерін  әзірлеуін  талап етеді, осыған байланысты  азаматтарға қатысты  алаяқтықтарға қарсы қолданылатын іс- әрекеттердің тиімділігі  туралы мәселе облыс прокуратурасының  заңдылықты қамтамасыз ету Қоғамдық Кеңесінің   мәжілісінде  қаралуға шығарылды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, 2014 жылдың 8 айында   облыста алаяқтықпен байланысты 1049 (1357) қылмыс тіркелген. 2013 жылдың  осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда, тіркелген қылмыстардың саны 308 қылмысқа немесе 22,7% төмендегені анықталады.

Бұл ретте, қылмыстардың жалпы құрылымында осы санаттағы  қылмыстардың  үлес салмағы   8,7% (9,3%)  құрайды.

Өткен жылы телефондық алаяқтықпен байланысты қылмыстар қоғамдық резонанс туғызған қылмыстар қатарында болды, бұл алаяқтық әрекеттердің  барысында  телефон шалу арқылы қылмыскерлер, өздерін  полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді олардың жақын туыстарының  полицияға  түскендігі және  оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін белгілі бір  мөлшердегі ақшалай қаражат қажет екені, сондай-ақ, оны  олармен белгіленген бір  номерге жіберу немесе делдал арқылы беріп  жіберу керек екені туралы айтып  жаңылыстырып, моральдық  күйзеліске ұшыратқан.

 Г.және басқалары (жалпы саны  4 адам) және Б және басқаларына қатысты   (жалпы саны  4 адам) 2 қылмыстық топтың әшкереленуіне  байланысты мұндай қылмыстардың саны 15 есеге, 78-ден 5-ке деін азайды.

Қазіргі танда Жилстройсбербанк немесе тұрғын үй салу мемлекеттік бағдарламасымен  төмен бағамен пәтер сатып алуға жәрдемдесу түрінде жасалған алаяқтық қылмысының  32 (37)  дерегі  анықталды. Мысалы,  азаматша С.  ұзақ уақыт бойы жалпы сомасы 8 млн.астам  теңгеге  алаяқтық  қылмыс жасаған. Қылмыстық істі  қарау нәтижелері бойынша аталған тұлға бас  бостандығынан айыру  түріндегі  қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылы  азаматша Б. қаржылық пирамида нысанында жасалған, азаматтарға жалпы сомасы 8 млн. теңгеден астам материалдық шығын келтірген  тағы бір қылмыстық іс  өзінің  қисынды нәтижесіне жеткізіліп аяқталды.

Облыс прокуратурасымен  қоғамда алаяқтыққа қарсы  тұрақты иммунитет   қалыптастыруға бағытталып алынып жатқан  шаралар,  барлық мемлекеттік органдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен  тығыз ынтымақтастықта  байланыстырлыып,  іске асырылатын болады.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі