Қоғам және билік диалогы

07 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қоғам және билік диалогы - 500889784

Қоғам және билік диалогы

          Ел Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы біздің дамуымыздың басты бағыттарын айқындайды.

         Онда белгіленген мақсаттар ұзақ мерзімді. Олардың жетістіктері Елбасы қойған ауқымы кең міндетті орындау - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін қажет. Яғни, стратегиялық бағыттың сабақтастығы - Мемлекет басшысының Жолдауында бірінші болып атап өтілуі тиіс.

          Тағы бір сәтке назар аудару қажет - бұл азаматтардың барлық конструктивтік сұраныстарына жедел және тиімді жауап беретін «тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы. Неге бұл соншалықты маңызды? Мемлекеттік аппараттың қызмет атқаруындағы проблемалық сәттер көбінесе, жергілікті жерлерде азаматтар мен шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауынан туындап отыр.

         «Тыңдайтын мемлекет» - бұл ашық және айқын мемлекет.

         Азаматтардың билікке деген сенім деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың жаңа жоғары технологиялық нысандарды мен тәсілдерін енгізу көмектеседі.

         Президент науқаны аясында, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен «Жаңа императив – «тыңдайтын мемлекет», - бұл өз азаматтарының барлық сауалдарына жедел және конструктивті жауап беруі тиіс тиімді мемлекеттілікті дамытудың формуласы.  

         Осыған байланысты, облыс прокуратурасы өткен кезеңде, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және заңдылықты нығайту бойынша қажетті шаралар қабылдады.  

         Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

         Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты және бақылау үстінде.

         Қылмыстық қудалауды қадағалау саласы бойынша облыс прокурорларының негізгі күш-жігері қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың профилактикасына бағытталған.

         2018 жылы орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуіне байланысты, өткен жыл ішінде жағдайды тұрақтандыруға әсер еткен, құқық бұзушылықтың алдын алу саласында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруге бағытталған қажетті шаралар қолға алынды.

         Нәтижесінде, криминогендік жағдай 2019 жылдың соңына қарай қылмыстық құқық бұзушылықтардың 23% (14649-дан 11281-ге), оның ішінде орташа ауырлықтағы қылмыстардың 31% (11089-дан 7651-ге) төмендеуімен сипатталды.

         Қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру мәселелері облыстық Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі жүйелі бұзушылықтарды шешу жөнінде бірлескен өкім қабылданды.

         Қылмыстық істерді тіркеудің заңдылығы мен тергеу мерзімдерінің сақталуына нақты ықпал етуді қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуратурасымен кезекші прокурорлардың жұмысы жандандырылды.

         Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қолдау туралы материалдарды қарағанға дейін прокурорлармен 58 адам босатылды.

         Қызметтік үй-жайлардан заңсыз ұсталған 15 адам босатылды.

         Қылмыстық құқық бұзушылықпен мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс күшейтілді. Егер 2019 жылы аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал 5,6 млрд. теңге құраса, олардың ішінде сотқа дейінгі сатыда 4,6 млрд. теңгеден астамы немесе 82% өтелуі қамтамасыз етілді.

         Прокурорлық қызметтің негізгі бағыттарының бірі қоғамдық мүдделерді қорғау болып табылады.

         Осы салада қадағалау актілері бойынша мемлекет пайдасына 2 млрд.  астам теңге өндіріп алынды, мемлекетке 700 млн. теңгеден астам көлемінде мүлік қайтарылды, мемлекеттік органдардың 328 заңсыз актілері бұзылды және өзгертілді.         

         Бұрынғы Алға химия зауытының қауіпті қалдықтарын жою жөніндегі жобаны іске асыру кезінде 360 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын негізсіз бөлу мен жұмсаудың алды алынды.

         Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында ДДА-ға жаңа адептерді тарту себептері анықталды, профилактикалық жұмыстарда проблемалық мәселелер анықталды. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша профилактиканың жаңа әдістері жасақталды (ЖАО оларды «Десант» жұмысында қолданады).

         Жаңа форматта «жергілікті десанттың» 3 кезеңі өткізілді.

         Прокуратура шаралары бойынша ғаламторда экстремистік мазмұндағы 5 контент шектелді, «десант» аясында тағы 533 материалдарға шектеу қойылды.

         Әлеуметтік салада білім беру органдарын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытқаны үшін мектеп мұғалімдеріне қосымша төлем жасауға міндеттеді (813 педагог, 6 млн. теңге).

         Прокуратура шаралары бойынша сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау және газ тасымалдау бойынша қызметтерге жалпы сомасы 86,2 млн. теңгеге тарифтер төмендетілді, «Ақбұлақ» АҚ, «Трансэнерго» АҚ, «Техногаз компаниясы» ЖШС-нің 608 мыңнан астам абоненттерінің құқықтары қорғалды.

         Салық бойынша жұмыс жандандырылды. Мұнда прокуратураның бастамашылығымен жасалған тексерулер бойынша уәкілетті орган жалпы 6,1 млрд. теңге мөлшерінде салық есептеді, оның ішінде 1,6 млрд. теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды.

         Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару және іскери айналымға тарту жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Бұрын анықталған жалпы ауданы 673,9 мың га пайдаланылмай жатқан 805 учаскеден 231,4 мың га болатын 137 учаске мемлекетке қайтарылды (немесе анықталған пайдаланылмайтын жерлер алаңының 34,3%), ауданы 316,47 мың га болатын 233 учаскелерді игеру басталды (немесе анықталған пайдаланылмайтын жерлердің 47%).

         Прокуратура органдары жұмысының қорытындысы алқа отырысында талқыланды, алдағы кезеңге міндеттер қойылды, аудан прокурорлары жергілікті мәселелерді шешуге бағытталды.

         Өңірде заңдылықты нығайту жұмыстары жалғасуда.

        

                           Ақтөбе облысының прокуратурасы