Жазаны өтеу шарттарын бұзудың салдары туралы

22 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Біздің елімізде жүргізіліп отырған қылмыстық-құқықтық саясат, ең алдымен, жаза мен оны орындау процесін ізгілендіруге, сондай-ақ түрмедегі халықтың санын одан әрі қысқартуға бағытталған.

Қылмыстық жаза қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, жаңа қылмыс жасауды ескерту, сотталған адамдарды түзету және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында қолданылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотталған адам жазадан әдейі жалтарған жағдайда және өтелмеген мерзім тәртібін бұзуына байланысты пробация қызметінің ұсынуы бойынша сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауға құқылы.

Мысалы, Мәртөк аудандық сотының 2017 жылғы 26 шілдегі үкімімен азамат Л. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған.

Алайда, сотталушы Л. қоғамнан алшақтатумен байланысты емес жаза тағайындаған соттың ізгілігін ескермей, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған, белгіленуге келмеген және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар жасаған.

Нәтижесінде, азамат Л. 2017 жылғы 27 қыркүйектегі соттың қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру ауыстырылды, ол сот залынан қамауға алынды.

Осындай құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында заң талаптарын бұзу және жазаны өтеу тәртібін сақтау үшін сот процесіне пробациялық қызметте есепте тұрған сотталғандар шақырылды, сот шешімі оларға психологиялық әсер етті.

Сонымен қатар, сотталғандар сот белгілеген міндеттері бұзып, пробация қызметінің рұқсатсыз аудан аумағынан шығу және көңіл көтеру орындарында жүрген жағдайлар кездеседі.

Мысалы, азаматтар. Ш. және К. жазасын өтеу кезінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүргендігіне қарамастан, бірнеше мәрте аудан аумағынан тыс шығып, пробация қызметінің рұқсатынсыз мас күйінде жүрген, оған қоса полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.

Пробация қызметінің ұсынуы бойынша оларға ағымдағы жылдың қараша айында бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны сот бас бостандығынан айыру жазасына ауыстдырды.

Жалпы, Мәртөк ауданы бойынша 2017 жылдың өткен кезеңде пробация қызметінің ұсынуы бойынша 11 сотталғандарға жазаны өтеудің ережелерін сақтамау салдарынан сот бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу