Прокурордың талабы бойынша сайттар қызметіне тыйым салынды

18 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе қ. прокуратурасы  30 интернет-сайттың қызметін тоқтату туралы сотқа талап арыз енгізді.

Талап арызды енгізу негіздемесі бөтеннің мүлкін ұрлау себептерін талдау  нәтижелері  мен олардың алғышарттарын жою болып табылды. 

Тосқауыл қойылған интернет-ресурстар арқылы тыйым салынған заттарды, атап айтқанда күзет (қорғаныш) жүйесі  дабылдарын сканерлеу жолымен автомашиналарды ашу үшін пайдаланылатын «ұрлық кодтарын», сондай-ақ есіктердің  құлыптарын ашатын жезбезекті кілттер топтамасын сатып алуға мүмкіндік жасалғаны анықталды.

Ақтөбе қ. соты прокуратураның талабын қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта прокуратура тыйым салынған заттарды сатып алу мен пайдалануды жүзеге асырған тұлғаларға қатысты жедел шараларды үйлестіруде.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу