Прокуратура органдарының ардагерлерін еске алу құрметіне

27 ақпан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура органдарының ардагерлерін еске алу құрметіне  - 1927367462

         Ақтөбе облысының бұрынғы прокуроры Ғұбайдолла Лұқпановты еске алу құрметіне Ақтөбеде мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы болып өтті. 

         Салтанатты ашылуға прокуратура ардагерлері мен қызметкерлері,  Ғұбайдолла Лұқпановтың туысқандары мен балалары қатысты.

         Іс-шараға қатысушылар еңбек жолы қоғамдық және партиялық белсенді жұмысымен ерекшеленген Ғ.Лұқпановтың өмірінің жарқын сәттерін еске алды.

         Жоғары кәсіби біліктілігі, жеке адамгершілік асыл қасиеттері Лұқпановтың үлгілі прокурор және басшы болуына мүмкіндік берді.

         Сіңірген еңбегі үшін, Ақтөбе облысының бұрынғы прокуроры Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының  медальдарымен үш мәрте және бірнеше Мақтау қағаздарымен  марапатталған.

          

Ақтөбе облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі 

Прокуратура органдарының ардагерлерін еске алу құрметіне  - 178410719

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу