«Пробация үйі» жобасының іске асырылуда

13 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Пробация үйі» жобасының іске асырылуда - 1973744623

«Пробация үйі» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының прокуратурасы пробация қызметі және жергілікті атқарушы органымен бірігіп, бос бостандығынан айыру жазасымен байланысты емес сотталғандар арасында әр түрлі санатта спорттық шара өткізді.

Аталған шараға сотталғандар белсене қатысып, жүлдегерлерге медальдар мен мадақтамалар табысталды.

Мұндай шаралар жыл басынан бері бірнеше рет өткізілді, бұл бастамалар халық арасында оң бағалануда, ең бастысы сотталғандар арасында қылмыстардың қайталануын болдырмау және қоғамға бейімдеудің тиімді инструменті болып табылады.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу