Мемлекеттің мүддесі үшін материалдық жауапкершілікке лауазымды тұлғалар тартылды

31 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында Хромтау ауданының прокуратурасымен мемлекеттің мүддесін қорғау мәселесі бойынша шаралар қабылдануда.
Атап айтқанда, прокурорлық тексерудің нәтижесі бойынша 2012 жылдың соңында азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін бұзғаны үшін (ақылы түрде көрсетілген) «Хромтау орталық аудандық ауруханасы» МҚК Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 322 бабының 2 бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, оған 485 400 теңге әкімшілік айыппұл салынған.
    Алайда, әкімшілік айыппұл салуға ауруханың бірқатар лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері себеп болғанын ескеріп, аудан прокуратурасымен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының атына заң бұзушылықты жою жәнінде ұсыныс енгізіліп, онда кінәлі қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту және төленген айыппұлды мемлекет пайдасына қайтару жөнінде мәселелер қойылды.
Қазіргі уақытта аурухананың 3 лауазымды тұлғасы материалдық жауапкершілікке тартылып, 485 000 теңгенің 304 000 теңгесі мемлекет пайдасына қайтарылды. Қалған сома орындалу үстінде.

Хромтау ауданының
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу