Мектеп әкімшіліктері мен ата-аналар арасындағы шиеленіс прокурорлар ықпалымен шешілді

20 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Оқу жылының басынан бастап №63 және №64 орта мектептердің оқушыларын басқа білім беру мекемелеріне көшіру мәселелері бойынша  Ақтөбе қаласы тұрғындарының арасында шиеленістің өршуі байқалады.

Облыс прокуратурасы органдары «Ақтөбе қ. білім беру Бөлімі» ММ-нің лауазымды тұлғалары мен жоғарыда аталған мектептердің басшылығы әрекеттерінің заңдылығын зерделеді.  

Нәтижесінде,  «Ақтөбе қ. білім беру Бөлімі» ММ-нің мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастырмауының салдарынан, жоғарыда аталған оқу орындарында  оқушылардың   тығыз  орналасуына жол берілгендігі анықталды.

Жағдайды түзету үшін, №63 және №64 орта мектептердің әкімшіліктері ата-аналарға балаларын басқа оқу орнына ауыстыру туралы талаптар қойып,  бірнеше рет жиналыстар өткізген.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 47-бабының 1-тармағымен азаматтардың  білім беру мекемелерін еркін таңдау  құқықтары қарастырылған.

Осыған байланысты, оқушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, қалалық прокуратура Ақтөбе қ. әкімінің атына заң бұзушылықтарды қалпына келтіру  туралы ұсыныс енгізді.

Сөйтіп, облыс прокуратурасы органдары оқушылар мен олардың ата-аналарының   құқықтарының бұзылуының алдын алды.

 

 

Ақтөбе облысы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу