Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы

06 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

6 қыркүйек  2018 ж., Бүгін Ақтөбе облысы прокуратурасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысы болып өтті.

Отырысты өткізуге негіз болған – облыс орталығындағы криминогендік жағдайды талдау нәтижелері.

         Ұрлықтың алдын алу және уәкілетті органдардың жұмыс белсенділігін арттыру мақсатында, облыс прокуратурасының бастамасымен Ведомствоаралық ұрлыққа қарсы іс-әрекет жоспары бекітілді.

Бұған қоса, Ақтөбе қ. прокурорының талабы бойынша а.ж. 13 тамызда қылмыс жасау  тауарларын сатуды  жүзеге асырушы  30 сайт электрондық жезбезекті кілттер (отмычки), тонау кодтары  жабылды.

Бұл шаралар өзгенің мүлкін ұрлау динамикасына ықпал етті, автокөлік ұрлау мен автомашина салондарынан ұрлау  өткен жылмен салыстырғанда 21% төмендеген  (153-тен 130-ға дейін).

Сонымен бірге, алдын алу шараларының тиімділігіне жүргізілген талдау қосымша шаралар алу қажеттілігін көрсетті.

Облыста 8 айдың қорытындысы бойынша жасалған құқық бұзушылықтардың  6% ( 9175-тен 9739-ға дейін), оның ішінде ұрлықтың  21% ( 5222- ден 6332-ге дейін ) өсуі  байқалады. 

Мәселен, Қызылжар елді мекенінде ұрлық  2017 жылдың 8 айымен салыстырғанда  4,5 есеге ( 10-нан 45-ке дейін) көбейген.

Бұл ретте көбіне  Заң бұзатын  сол бір тұлғалар.

Мысалы, а.ж. мамыр мен шілдеде  жасалған барлық  23 ұрлықтың 15-ін  К. Айдахметов  жасаған.  

  Отырыс қорытындысы бойынша алдын алу, оның ішінде полицияның қоғамдық көмекшілері институтын қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру, Ақтөбе қаласының криминогенді аудандарына патрульге шығу бағыттарын қайта бөлу, ұрланған затты өткізу  орындарымен жұмысты үйлестіру шаралары қабылданды.

            Аталғандардан басқа ІІД мен облыс әкімдігі атына ұрлықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған прокурорлық ықпал ету актілері енгізілді.

            Үйлестіру Кеңесінің шешімімен нақты ұсыныстар  берілді. 

 

                                           Ақтөбе облысы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу