Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел

24 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан халқына Жолдауын  талқылау бойынша дөңгелек үстел - 1274110367

Ақтөбе облысының прокуратурасы  Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің  негізі» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға «Атамекен» РКП, жұртшылық, саяси партиялар, кәсіподақ Федерациясы, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, прокуратура қызметкерлері қатысты.

         Баяндамашылар Елбасы ұсынған барлық идеялар мен  бастамалардың әрбір қазақстандықтың үміт-армандарына жауап беретіндігін , еліміздің,  әрбір азаматтың болашақта одан әрі дамуына жол ашатындығын атап көрсетті.  

         Сондай-ақ, алға қойылған басымдық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету   үшін, қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша  қабылданған шараларға  тоқталып өтілді.

Жолдаудың басты бағыты ретінде    қарапайым азамат, оның құқығы, жағдайы және қауіпсіздігі тұрғандығы белгілі.

Осыған байланысты, прокуратура  аталған бағыттағы атқарылған жұмыстар  және алдағы кезеңдегі  міндеттер туралы хабарлады.

 

 

                   Ақтөбе облысының  прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу