Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілген конкурс бойынша конкурс Комиссиясының қорытынды отырысының Хаттамасынан үзінді

16 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе қаласы                                            № 3                                        16 қазан 2018 жыл

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1)        Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы прокуратурасының жетекші маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға өткiзiлген конкурс бойынша жүргізілген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде кандидаттарды бағалау және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асыру, С-R-5 санаты, 1 бірлік;

            Комиссия хатшысы А. Қолдасқызы баяндады:

            Ақтөбе облысының прокуратурасымен 01.10.2018 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бос қызмет орыны пайда болуына байланысты Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы прокуратурасының жетекші маманы бос қызмет орынына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Хабарландыру қосымша түрде 02.10.2018 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтында жарияланды.  

            Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21 ақпан 2017 жылғы  № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 89 тармағына сәйкес, әңгімелесу 15.10.2018 ж. белгіленді.

            Конкурстық комиссия отырысына байқаушы ретінде «Ақтөбе облыстық прокуратурасының ардагерлер кеңесі» ҚБ төрайымы  -  Таджибаева Мария Сейт-Ахметовна қатысты.

Әңгімелесу кезінде Жайлыкан Дана Жайлыкановна, Мажитов Аман Жаскайратович, Каллибеков Омирбай Жумабаевич және Наурызбаева Гүлсім Асланқызы тыңдалды.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия, ШЕШІМ ЕТТІ:

1.    Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы прокуратурасының жетекші маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін, Ақтөбе облысының прокурорына Наурызбаева Гүлсім Асланқызын ұсынуды.

 

 

Төрағасы:                                                                                               Ж.Даулембаев

Хатшысы:                                                                                                  А. Қолдасқызы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу