«Бизнесті қорғау шаралары, оның ішінде қылмыс қудалау органдарының заңсыз араласуы»

22 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Барлығымызға белгілі, қазіргі таңда кәсіпкерлердің ең басты мәселелерінің бірі қылмыс процес саласы болып табылады. Бұның басым бөлігі экономикалық қылмыстар. Әр қылмыстық іс бойынша алу, тiнту, ревизия жүргізу және мүлiктеріне тыйым салу әркеттері жүргізіледі.

         Бұл жағдайды түзету мақсатында, Бас прокуратурамен экономикалық қылмыстарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - СДТБТ) тіркеу тәртібін өзгертті. Жаңа қағида енгізіліп, ол бойынша СДТБТ тіркеу үшін уәкілетті органның актісі және келтірілген залал жөнінде ақпарат болуы қажет.

         Аталған шара адал кәсіпкерлерге қатысты сөз жеткізу, жала жабу деректерін жоққа шығарды.

         Соның нәтижесінде экономикалық қылмыстар бойынша тіркелген қылмыстық істер саны 4 есе азайды.

Ақтөбе облысының прокуратурасымен 12 қылмыстық іс бойынша кәсіпкерлердің құжаттарын алуға санкциялаудан және 3 тексеруден  бас тартты.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Форумының шешімін орындау мақсатында ақталатын негіздермен кәсіпкерлерге қатысты 3 қылмыстық іс қысқартылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу