Азаматтардың конституциялық құқықтары прокурорлар қорғауында

17 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Азаматтардың қылмыстық процестегі конституциялық құқықтарын қорғау прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін, әрбір полиция бөлімінде кезекші прокурорлар орналасқан.

Жыл басынан бастап Ақтөбе облысының прокуратурасы ішкі істер органдарының  қызметтік үй-жайларында  азаматтарды заңсыз ұстаудың 13 фактісін анықтады, аталған тұлғалар, олардың арасында 2 кәмелетке толмаған,  прокурорлардың қаулылары негізінде босатылды.

Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, ҚПК-тің 129 -бабы), жеткізілгендер полиция бөлімдерінде үш сағат уақыт ұсталуы мүмкін, осы уақыт ішінде оларға қатысты бұлтарпау шарасы алынуы тиіс немесе олар босатылуға жатады.   

Бұл ретте, Елек полиция Бөліміндегі  ұстау заңдылығын  тексеру кезінде 8 жеткізілген тұлғаны ұстау мерзімдерінің бұзылғандығын көрсетті.   

Кезекші прокурордың қаулысымен олар босатылды, кінәлі полиция қызметкерлері жауаптылыққа тартылды.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу