Алғаның прокурорлары мемлекеттік қызметкерлер мен оқушылар арасында теннистен турнир ұйымдастырды

07 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алғаның прокурорлары мемлекеттік қызметкерлер мен оқушылар арасында теннистен турнир ұйымдастырды - 1226307156

Алға ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Прокуратура күні мерекесін тойлауға байланысты Алға ауданының соты, ІІБ, Төтенше жағдай бөлімі, Қорғаныс істер бөлімінің қызметкерлерінің арасында, сондай-ақ орта мектеп оқушыларының арасында үстел тенисінен турнир ұйымдастырылды.

         Турнир прокуратура органдарының қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің дене шынықтырумен айналысу және олардың ұжымдық еңселерін нығайту мақсатында жүргізілді.

         Жарыс нәтижесінде жеңімпаздарға және өздерін белсенді көрсеткен қатысушыларға мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

         Аталған шара "Жұлдыз" аудан газетінде, әлеуметтік желілерде прокуратура парағында және аудан әкімдігі сайтында жария етілді.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Алғаның прокурорлары мемлекеттік қызметкерлер мен оқушылар арасында теннистен турнир ұйымдастырды - 680262550

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу