Ақтөбелік прокуратура ардагерлері – шахматтан чемпиондар

07 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақтөбелік прокуратура ардагерлері – шахматтан чемпиондар - 1373692205

Ұрпақтар сабақтастығы дәстүрі аясында және прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби төл мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерлері мен ардагерлері арасында шахматтан командалық кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.

Жарысқа КСРО шахматтан спорт шеберіне үміткер Н.Т.Таджибаев төрелік етті.

Кездесу қорытындысымен прокуратура ардагерлері шахмат ойнау шеберліктерімен басым түсіп, жеңімпаз танылды.

Өткізілген іс-шара нәтижесінде ардагерлер сайысқа қатысқан жас прокуратура қызметкерлерімен ақыл-кеңестерімен бөлісіп, мерекелерімен құттықтап ізгі тілектерін білдірді.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу