Ақтөбеде Құқық қорғау қызметтері орталығы жұмысын жалғастыруда

31 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқық қорғау қызметтері орталығы өз жұмысын 2017 жылдың 12 шілдесінде бастады, қазіргі уақытта Орталық Халықтық кеңсе ғимаратында орналасқан.

Бұл жерде прокурорлар, құқықтық статистикалық органдары, полиция, әділет департаменті, жергілікті полиция қызметі, адвокаттар мен медиаторлар құқықтық қызмет көрсетеді.

Жұмыс орнында әр мемлекеттік органдарға қажетті ақпараттық жүйемен қамтылған.  Халық үшін «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету аймағы бар.

Орталық өз жұмысын бастағаннан бері  халыққа әртүрлі сауалдар бойынша 13 000 аса құқықтық көмек көрсетілді. 

Осы жылдың 6 айында ғана Құқық қорғау қызметтері орталығында 2 403 адам қабылдауда болды.

Өтініш бергендердің барлығы өз  сұрақтарына жауабын алды.

         Негізінде, бұл жерде көбінесе қолданыстағы заңнамада әкімшілік жауапкершілікке тартумен келіспеген  жағдайда, сот және басқа мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағымдану, сондай-ақ мемлкеттік қызметтерді электронды нұсқада алу тәртібіне қатысты туындаған сұрақтарға жауап іздеп  келеді.

Мысалы, азамат С. 2016 жылы  қыркүйекте  жер салығы бойынша төлемдер  төленгенін және төлемдердің салық қызметі қызметкерлерінің салғырттығынан  тиісті бюджеттік классификациялық коды бойынша уақытты есепке алынбағанын дәлелдей отырып, 129 000 теңге көлеміндегі салықты өндіріп алу туралы сот шешімімен келіспейтіні туралы айтып Орталық қызметіне жүгінген болатын.

Орталық өтініш берушінің  құқықтарын қалпына келтіру мақсатында сот шешімінің күшін жоюға көмек көрсетті.

         Сондай-ақ, Құқық қорғау қызметтері орталығына  жүгінген  азаматтардың  мемлекеттік органдардың басшыларына бейне хабарлама жазып жіберуге   мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Орталықта әр аптаның сәрсенбісінде облыс прокуратура басшылығымен азаматтарды жеке қабылдаулар өткізіледі.

Туындаған сұрақтар бойынша 8/7132/247230 телефон нөміріне немесе  7132410@prokuror.kz электронды почтасы арқылы байланысуға болады.

 

                                                                  Ақтөбе облысының прокуратусы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу