"Ақтөбе облысының прокуратурасы" ММ, бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

15 наурыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ, бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 

1.  Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық прокуратурасының прокуроры  (С-RGP-5 санаты) – 1 бірлік;

2.  Ақтөбе облысы Алға аудандық прокуратурасының прокуроры (С-RGP-5 санаты) – 1 бірлік.

Лауазымдық  айлық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қатысты 76 274 теңгеден 103 174 теңгеге дейін.

Атқарымдық міндеттер: қылмыстық қудалау және қоғамдық мүдделерді қорғау, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің және атқару өндірістерінің, жазалардың және азаматтарды оңалтудың орындалуына, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, қылмыстық істер бойынша соттарда мемлекеттік айыптауға  қолдау көрсету,  соттарда азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде қатысу және басқалары.Негізгі міндеттерімен қоса, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқарымдық міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- нақты лауазымның атқарымдық міндеттерінің бағыттарына сәйкес салада жоғары заңгерлік білім;

- денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;

- нақты лауазымның атқарымдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімі, икем-дағдылары.

Конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу Ережесі негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Ереже).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесідей құжаттарды тапсырады:

1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен және басылып жазылған толық өмірбаяны;

         5) Қазақстан Республикасы  азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

         6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

         7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

          8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

         9) 3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;

         10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12)  прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін  әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13)  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.     

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде келесі  мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы,  Ө. Сеитов к. 6, анықтама үшін телефон:  8(7132) 90-14-58,  e-mail: 7132381@prokuror.kz.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу