Ақтөбе облысында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шараларымен қылмыстың төмендеуі қамтамасыз етілді

31 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылдың қорытындысы бойынша аумақта қылмыстың 9,5%-ға, оның ішінде адам өлтірудің 77%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлаудың 22%-ға өсуі байқалды.

Осыған байланысты жауапты мемлекеттік органдармен құқық бұзушылық профилактикасы бойынша бірлескен шаралар қабылданды.

Прокуратураның бастамасымен облыс әкімінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен құқық бұзушылық профилактикасы мен ұрлыққа қарсы күрес мәселелері қаралды.     

Үйлестіру кеңесімен де құқық бұзушылықтың алдын алу сұрағы қаралды.

Аталған іс-шаралар нәтижесі бойынша жалпы қылмыс, сонымен қатар оның жекелеген түрлерінің алдын алуға бағытталған бағдарламалық құжаттар (ұрлыққа қарсы күрес жөніндегі жоспар, құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі жоспар, жергілікті десант) жасалды.

Осы жұмыстар шеңберінде бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Оның ішінде полициямен өзара әрекет ету жөнінде ойын-сауық мекемелерімен меморандумға отыру, патрульдеу маршруты қайта қаралды (аула территориясына көп назар аударылды),  мемлекеттік қолдауға құқығын жүзеге асыру үшін жазасын өтеп келген сотталушыларға көмек беру.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Ақтөбе облысы бойынша қылмыстың 13,7%-ға, адам өлтірудің 37,1%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлаудың 19,7%-ға төмендеуі байқалады.  

Төмендеу халықтың ерекше назарындағы барлық қылмыстар бойынша орын алған.  

Сонымен қатар қылмыстық істер бойынша залалды өндіру жөнінде белсенді шаралар қабылданып жатыр, қазіргі уақытта орын алып отырған 2 млрд. теңге мөлшеріндегі залалдың 1,2 млрд. теңгесі немесе 57% өндірілді.    

Облыс бойынша қылмыстық істердің 18%-ы электрондық форматта тергеліп жатыр, ол орташа республикалық көрсеткіштен жоғары.

Жалпы, прокуратураның тиісті үйлестіру ролі облыс аумағында криминогендік жағдайдың тұрақталуына әсер етеді, қазіргі уақытта оның нашарлауына алғышарттар жоқ.

        

         Ақтөбе облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу