Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында «Қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы ойдағыдай жүзеге асырылуда

29 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 1 маусымынан Мәртөк ауданында прокуратура және ІІБ-мен «Қылмыстық істі оңтайландыру» жобасы жүзеге асырылуда.

         Қамтылған уақыт ішінде жоба аясында сотқа 19 қылмыстық іс жолданды, соның ішінде 16 немесе 84,2 % сотқа дейінгі тергеу 10 тәулікке дейін аяқталды.

         Қалған 3 қылмыстық іс Ресей Федерациясынан күдіктіге қатысты мінездемелер сұратуға және сараптама қортындысы дайын болмауына  байланысты 15 күннің ішінде аяқталды.

         Сонымен қатар, жоба аясында кезекші прокурормен «орында қарау» принципінде ІІБ-нің ғимаратында 14 өтініш қаралып, нәтижесінде  ҚПК-нің 105-бабы тәртібінде қаралатын өтініштердің 47,7% төмендетуге ықпалы тиді.

         2017 жылдың 15 қыркүйегінде аудан әкімдігімен бірігіп айқын кабинеттерді жабдықтауды қаржыландыру сұрағы шешілді,  жауап алу кабинеттері бейне бақылаумен жабдықталды, бейнелер онлайн түрінде ғимараттың дәлізінде орналасқан мониторда көрінеді.

         Енді күдіктілердің туыстары мен келушілер онлайн режимде жауап алу жүрісін бақылайтындықтан, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілмеуіне мүмкіндік тудырды.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу