Ақтөбе облысының прокуратурасында жаңа тағайындау

24 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасында жаңа тағайындау

 

Бас Прокурордың бұйрығымен облыс прокурорының орынбасары болып әділет кеңесшісі Құстанов Азамат Бурумбайұлы тағайындалды.

А.Б.Құстанов, 1981 жылы туған, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 2003 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасы органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Басшылық қызметтерде тәжірибесі бар, Мұғалжар және Қарғалы аудандарының прокурорлары, Ақтөбе облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

2019 жылдың қарашасынан бастап Ақтөбе облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасын басқарды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан астам.

 

                                  Ақтөбе облысының прокуратурасы