Білім беру саласындағы талдау нәтижелері туралы

12 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы білім беру туралы заңнаманың қолданылуына талдау жүргізді.

«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес педагогикалық қызметпен айналысуға арнайы педагогикалық немесе тиісті салаларға сәйкес кәсіби білімі  бар  адамдарға жол беріледі.

         Дегенмен, жүргізілген талдау Ақтөбе қаласы білім беру мекемелерінде жоғары оқу орындарымен оқып-бітіргендігі туралы алған дипломдары расталмаған 34 педагог жұмыс жасайтынын көрсетті.

Көрсетілген саннан 13 адам қызметтерін мектепке дейінгі білім беру саласында жүзеге асырады, 11 орта мектептерде сабақ береді, 7 адам колледж оқытушысы ретінде, 3 өзге де білім беру мекемелерінде  еңбек етеді.

Бұл ретте бес оқытушы «фортепиано» мамандығы бойынша жоғары білім алғандығы туралы диплом негізінде музыка колледжінде еңбек етеді, алайда Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мәліметіне сәйкес университет аталған пән бойынша мамандарды оқытып шығармайды.

Талдау нәтижелері бойынша көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны  үшін  кінәлілерді жауаптылыққа тарту, сондай-ақ жасанды дипломдар әзірлеуді жүзеге асырған тұлғаларды анықтау үшін, материалдар ішкі істер органдарына  жолданды.

Ақтөбе қаласы әкімінің  және білім беру Басқармасының атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынулар енгізілді.

Осымен бірге, бұдан әрі жоғары білім алғаны туралы жасанды жалған құжаттарды пайдалану мен әзірлеу жағдайларын жою мақсатында, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры жоғары білім туралы жасанды жалған құжаттарды әзірлеу мен сату (өткізу) бойынша  19 (он тоғыз) интернет сайттың қызметін тоқтату туралы талап арызбен сотқа жүгінді, аталған талап арыз Ақтөбе қаласы №3 сотының шешімімен  толық көлемде қанағаттандырылып, осы сайттардың қызметі заңсыз деп танылды, әрі Қазақстан Республикасының аймағында тыйым салынды.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу