Қорытындысы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Үміткерлердің  тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша  

конкурс Комиссиясының қорытынды отырысының

Хаттамасынан үзінді

Ақтөбе қаласы                                           № 3                            17 сәуір 2018 жыл

КҮН ТӘРТІБІ:

Бос лауазым орындарына үміткерлердің тағылымдамадан өту нәтижелерін талқылау:

  • Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық прокуратурасының прокуроры  (С-RGP-5 санаты) – 1 бірлік;
  • Ақтөбе облысы Алға аудандық прокуратурасының прокуроры                 (С-RGP-5 санаты) – 1 бірлік.

Қорытынды отырыс өткізу қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 04.05.2014 жылғы № 40 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу Ережесінің 35 т. басшылыққа алып, Ақтөбе облысы прокуратурасының конкурстық Комиссиясы, ШЕШІІМ ЕТТІ:

  1. Лауазымға тағайындау үшін ұсынуды:

-   Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық прокуратурасы прокурорының  м.а. Куштаев Дидар Темиргалиевичті;

-   Ақтөбе облысы Алға аудандық прокуратурасы прокурорының  м.а. Ибрагим Темірлан Төлегенұлын;

  1. С-RGP-5 санаты бойынша бос лауазымға орналасу үшін Ақтөбе облысы прокуратура органдарының резервіне енгізуді: Аблакимов Нуржан Нуркеновичті, Абденов Саян Серикулын, Кирбасова Земфира Ондашовнаны, Сарин Тлеккабыл Жомартулын.
  2.  Конкурстық комиссияның шешімі шыққан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындау және резервке енгізу туралы бұйрық жобасын әзірлеуді.
  3. Жарияланған бос лауазымдарға тағайындалуға, сондай-ақ бос лауазымдарға орналастыру резервіне енгізуге ұсынылған кандидаттардың тізімін конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде облыс прокуратурасының ақпараттық стендіне және Веб-сайтына орналастыруды.
  4. Конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі туралы кандидаттарға оның қорытынды отырысы болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауды.
  5. Шешімді орындауды комиссия хатшысы облыс прокуратурасы Аппаратының кадрлық дамыту тобының басшысы Ж.З. Утарбаеваға жүктеуді.

 

Төраға:                                                                                                 Г. Тлеубаев

 

Хатшы:                                                                                                   Ж. Утарбаева