Қорытындысы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

  Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілген конкурс бойынша конкурс Комиссиясының қорытынды отырысының Хаттамасынан үзінді

Ақтөбе қаласы  № 3   16 сәуір 2018 жыл

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Ақтөбе облысы прокуратурасының мемлекеттік қызметшілері арасында Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған ішкі конкурс бойынша жүргізілген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде кандидаттарды бағалау және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асыру, С-О-5 санаты, 1 бірлік;

            Комиссия хатшысы Ж. Жетпісбаева баяндады:

            Ақтөбе облысының прокуратурасымен 05.04.2018 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бос қызмет орыны пайда болуына байланысты Ақтөбе облысы прокуратурасының мемлекеттік қызметшілері арасында Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Хабарландыру қосымша түрде 05.04.2018 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтында жарияланды.  

            Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21 ақпан 2017 жылғы  № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 52 тармағына сәйкес, әңгімелесу 13.04.2018 ж. белгіленді.

            Конкурстық комиссия отырысына байқаушы ретінде «Ақтөбе облыстық прокуратурасының ардагерлер кеңесі» ҚБ төрайымы  -  Таджибаева Мария Сейт-Ахметовна қатысты.Әңгімелесу техникалық жазба құралымен жазылды.

            Әңгімелесу кезінде Садвакасов Ардак Аманжолович тыңдалды.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия, ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін, Ақтөбе облысының прокурорына Садвакасов Ардак Аманжоловичті ұсынуды.

 

 

Төрағасы:               Ж.Даулембаев

Хатшысы:                Ж. Жетпісбаева

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін әңгімелесуге жіберу туралы хабарландыру

 

Конкурстық комиссияның 2018 жылдың 11 сәуіріндегі № 1 хаттамасына сәйкес, Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік бос әкімшілік мемлекеттік  қызметке орналасу үшін әңгімелесу өткізуге жіберілсін: Садвакасов А.А.

Әңгімелесу өткізу  орыны: Ақтөбе қ, Ө.Сейітов көшесі 6.

Әңгімелесу өтетін күні және уақыты: 13.04.2018 жыл, сағ. 15:00

   11.04.2018ж.