Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Ақтөбе облысының прокуратурасы, 030000, Ақтөбе қаласы, Ө. Сеитов к.6, анықтама үшін телефоны:  факс 8(7132) 90-14-58,  e-mail: 7132381@prokuror.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.    Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады; ғимараттар  мен  мекен-жайлардың  шаруашылық  қызмет көрсету  және  өндірістік  санитарлық, сондай-ақ   өрттен   қорғау жағдайларын ережелер  мен  нормаларға  сәйкес  қамтамасыз  етеді  және қондырғылардың жұмыс  жасауға жарақты  қалпында  болуын  бақылайды; аумақты  көріктендіру,  көгалдандыру және  жинастыру, жұмыстарын  жүргізеді; өткізілетін кеңестер,  мәжілістер, семинарлар  мен  басқа  да  шаралар кезінде шаруашылық қызмет түрлерін  көрсетумен   қамтамасыз  етуді  ұйымдастырады; автокөлік  құралдарының үздіксіз  және техникалық  дұрыс пайдаланылуы мен  сенімді жұмыс  жасауын жоспарлайды  және ұйымдастырады; автокөлік құралдарын жөндеу бойынша нормативтік  материалдарды әзірлейді,  жөндеу жүргізу үшін смета құрады, қондырғыларды пайдалану кезінде қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдар  сатып алу үшін тапсырыстарды ресімдейді; пайдалану, жөндеу жұмыстарын  ұйымдастыруды жақсарту шараларын  алады;  техникалық және есеп беру  құжаттамаларын құру  мен ресімдеу жұмысын ұйымдастырады; мекеменің   негізгі  қорларын ағымдағы  және  келешектегі түрлі  жөндеу  жұмыстарының  жоспарларын  әзірлейді, сондай-ақ олардың  пайдаланылуы мен  қызмет  көрсетуін  жақсарту  шараларын   жүзеге  асырады,  бекітілген жоспарлардың (кестелердің) орындалуына бақылау жүргізеді;   энергетикалық  қондырғылардың, электр және жылу жүйелерінің, ауа және газ өткізгіш құбырлардың  үздіксіз жұмыс жасауын, дұрыс пайдаланылуын,  жөнделуі мен жаңғыртылуын  қамтамасыз етеді; ай сайын облыс прокуратурасы  автопаркінің  нақты жұмсалған ЖЖМ–ның көлемімен   жүрілген қашықтықтар нормаларының  сәйкестігіне   бақылау  жасайды; атқарымдық міндеттерінен туындайтын прокуратура басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды; бөлімге жүктелген  міндеттер мен атқарымдық міндеттерді орындауға дербес жауапкершілік атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (қаржы), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (технологиялық машиналар жəне жабдықтар (сала бойынша)), құқық.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2)  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)  бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық уәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Сонымен қатар, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың: құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік әкімшілік қызметтен босатылғанына күнтізбелік отыз күн толмаған тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік қызметші келесі құжаттарды тапсырады:

            1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айданаспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

            3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратынқұжаттың көшірмесі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Ақтөбе облысының прокуратурасында өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.