«Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ, прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс туралы келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

1.  Ақтөбе облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің және жариясыз тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау Басқармасының бастығы (C-OGP-4 санаты) – 1 бірлік.

Лауазымдық айлық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қатысты 217 673 теңгеден 293 593 теңгеге дейін.

Атқарымдық міндеттер:

- Басқарманың қызметіне жалпы басшылық етеді, сонымен бірге жүктелген міндеттер мен қызметтердің атқарылуын ұйымдастырады; облыстық прокуратураның Регламентіне сәйкес Басқарманың қызметін ұйымдастырады, Бас прокуратураның, облыс прокуроры мен оның орынбасарының бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқауларын, тапсырмаларын орындауды бақылайды, тапсырмалар мен өтініштерді Басқарма қызметкерлерінің арасында бөледі, тексеру жүргізуді тапсырады; Басқарманың жұмысын жоспарлайды және облыстық прокуратураның, оның алқасының, Үйлестіру Кеңесінің, шұғыл жиналыстарының жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады, олардың жүзеге асырылуын бақылайды; азаматтардың өтініштерінің сапалы және уақытылы қаралуына бақылауды қамтамасыз етеді, азаматтарды жеке қабылдайды; қадағалаудың барлық бағыттары бойынша Басқарманың қызмет нәтижесі туралы, сонымен бірге проблемалық сұрақтарды шешу және заңнаманы жетілдіру жөнінде, бақылауда тұрған жедел есеп істері (әрі қарай ЖЕІ) бойынша жедел-іздестіру шараларының (әрі қарай ЖІШ) жүргізілуі жөнінде басшылыққа кезеңмен баяндайды; жедел-іздестіру (әрі қарай ЖІҚ) және қарсы бақылау қызметінің (әрі қарай ҚБҚ), сонымен қатар құқық қорғау және арнайы органдардың өкілетті бөлімшелерімен жасырын тергеу әрекеттерін (әрі қарай ЖТӘ) жүргізу кезінде ЖІҚ нысандары мен әдістерін қолдану заңдылығына қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; ЖІҚ заңдылығын қадағалау сұрақтары бойынша төменгі прокуратуралардың қызметін бақылайды, облыстық аппараттың өзге құрылымдық бөлімшелерімен, төменгі прокуратуралармен, ҚСАЕК және ЖІҚ жүзеге асыратын органдармен Басқарманың байланысын қамтамасыз етеді; ЖІҚ міндеттерін шешуде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметін үйлестіру шараларын қабылдайды; ЖІҚ және ҚБҚ жүзеге асыратын органдармен арнаулы жедел-іздестіру шараларын (әрі қарай АІШ), қарсы барлау шараларын (әрі қарай ҚБШ) жүргізу үшін облыс прокурорының санкциясын алуға ұсынған құжаттарды оқиды және оларды облыс прокурорына баяндайды; АІШ және ҚБШ санкциялау сұрақтарын шешу үшін түскен кіріс және шығыс құжаттарды тіркейді және есеп Журналын жүргізеді; жүргізілген АІШ, ҚБШ және ЖТӘ нәтижелерін бақылауды, ЖІҚ субъектілерінің қызметкерлерімен олар жөнінде уақытылы хабарлау жұмысын қамтамасыз етеді; Басқармадағы құпия режимнің сақталуын бақылайды; қызметкерлердің төменгі прокуратуралардың және ЖІҚ субъектілерінің қызметін тексеру, тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету үшін аудандарға баруына бастама танытады; ЖІҚ заңдылығын қадағалау тәжірибесін талдау, сонымен бірге ЖІҚ заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нормативті актілерді әзірлеу, өзгерту мен қосымша енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады; Басқарманың жұмыс сұрақтары бойынша шұғыл жиналыстар өткізеді, қызметкерлердің есебін тыңдайды; облыс прокурорының жетекшілік ететін орынбасарымен келісе отырып ЖІҚ заңдылығын қадағалау бойынша жедел қызметкерлердің кадрлық құрамын, оның қорын құрастырады, оларды кәсіби оқытуды және тәлімгерліктен өткізуді ұйымдастырады; Басқарма қызметкерлерінің еңбек және орындау тәртібін, сонымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауды бақылайды; Басқарма және төменгі прокуратура қызметкерлерін тәлімгерліктен өткізу, марапаттау немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді; облыстық прокуратура басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

-  нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім;

- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;

- прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес болуы;

-  құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;

- мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

- осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 25.09.2018 жылғы №118 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу Ережесі негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Ереже).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесідей құжаттарды тапсырады:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)   қызмет нәтижелері туралы анықтама;

3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ұсыным хат;

         4) қызметтік тізім, кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi (басқа аймақтағы прокуратураларына қатысты);

Қызметкерлер жеке басын сипаттайтын өзге де қосымша материалдар бере алады.

Ережелердің 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзімі бұзылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін кері қайтарады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде келесі  мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы,  Ө. Сеитов к. 6, анықтама үшін телефон:  8(7132) 90-14-58,  e-mail: 7132381@prokuror.kz.

Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ-де өтеді.

Қызметкерлер конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.