«Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ, прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс туралы келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

1.  Ақтөбе облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау Басқармасының бастығы (C-OGP-4 санаты) – 1 бірлік (уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде).

Лауазымдық айлық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қатысты 132 020 теңгеден 178 032 теңгеге дейін.

Атқарымдық міндеттер:

-         Басқармаға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, оның жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді; облыс прокуратурасы басшылығымен, басқа құрылымдық бөлімшелердің бастықтарымен, мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен  және мекемелермен байланысты қамтамасыз етеді; Басқарма қызметкерлерінің материалдарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, тапсырмаларды, Бас прокуратура мен облыс прокуратурасы басшылығының бұйрықтары мен нұсқауларын, алқа шешімдерін  уақытылы  және заңды шешуін бақылауды жүзеге асырады;  қоғам мүддесін қорғау саласындағы прокурорлық қадағалау тәжірибесін талдауды, жұмысты жетілдіру шараларын әзірлей отырып,  ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; атқарылған жұмыстардың есебін жүргізу жұмысын ұйымдастырады, Басқарманың жұмысы туралы статистикалық есептілікті тексереді, қала, аудандар прокурорларының іс жүзінде пайдалануы үшін, Басқарма жетекшілік ететін прокурорлық қадағалау бағыттары бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады; облыс прокуратурасының алқасында, Үйлестіру Кеңесінде және облыс прокурорының жанындағы жедел кеңестерде қарау үшін, материалдар мен шешімдердің жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;  Басқарманың жалпы қорытындылау, талдаулар жүргізуін, бекітілген қадағалау бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, жалпы қорытындылар жасауын қамтамасыз етеді; Басқарма қызметкерлерінің, оларға жүктелген міндеттерді, орындау тәртібін сақтай отырып, орындауларын бақылауды жүзеге асырады, тиісті еңбек жағдайын жасау шараларын алады; Басқарма жұмысы үшін жауапкершілік атқарады және облыс прокуратурасы басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

-  нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім;

- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;

- прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес болуы;

-  құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;

- мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

- осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 25.09.2018 жылғы №118 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу Ережесі негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Ереже).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесідей құжаттарды тапсырады:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)   қызмет нәтижелері туралы анықтама;

3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ұсыным хат;

         4) қызметтік тізім, кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi (басқа аймақтағы прокуратураларына қатысты);

Қызметкерлер жеке басын сипаттайтын өзге де қосымша материалдар бере алады.

Ережелердің 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзімі бұзылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін кері қайтарады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде келесі  мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы,  Ө. Сеитов к. 6, анықтама үшін телефон:  8(7132) 90-14-58,  e-mail: 7132381@prokuror.kz.

Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ-де өтеді.

Қызметкерлер конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.