«Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ, прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

«Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ, прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс туралы келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 

1.  Ақтөбе облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау Басқармасының бастығы (C-OGP-4 санаты) – 1 бірлік;

Лауазымдық айлық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қатысты 132 020 теңгеден 178 032 теңгеге дейін.

Атқарымдық міндеттер:

         - Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауды және өзінің атқарымдық міндеттерін жүзеге асыруды ұйымдастырады; Басқарма қызметкерлеріне жүктелген міндеттердің орындалуын, еңбек және орындау тәртібінің сақталуын бақылайды; қылмыстық қудалау органдарында қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды ұйымдастырады; 1-інші саты соттары шығарған қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастырады (процесс прокурорларының қатысуымен); жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастырады; халықаралық келісімшарттарды қолдану заңдылығын қадағалауды ұйымдастырады; азаматтардың өтініштерінң сапалы және уақытылы шешілуін бақылауды, материалдар мен қылмыстық істерді зерделеуді, Бас прокуратураның тапсырмаларының, облыс прокуратурасының және Басқармаларының жұмыс жоспарларының  орындалуын қамтамасыз етеді; Басқармадағы құпиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді; Басқарманың жұмысын жоспарлайды және облыс прокуратурасының және оның алқасының жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ олардың іске асырылуына  бақылау жүргізеді; кезең-кезеңмен облыс прокуратурасының басшылығына қадағалауды жүзеге асырудың барлық бағыттары, оның ішінде күрделі мәселелрді шешу және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша Басқарма қызметінің нәтижелері, облыс прокуратурасы басшылығының бақылауындағы  қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысы туралы баяндайды; облыс прокуратурасы басшылығының алдында төменгі тұрған прокуратуралардың және қылмыстық қудалау органдарының   қызметіне тексерулер жүргізу, іс жүзінде және әдістемелік көмек көрсету үшін қызметкерлердің аудандарға шығулары бойынша ұсыныстармен бастамашылық жасайды; сотқа дейінгі өндірістің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нормативтік және ведомстволық актілер әзірлеу,  өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысын ұйымдастырады; Бас Прокурордың және оның орынбасарларының  талаптарының, бұйрықтарының, нұсқаулары мен өкімдерінің, жоспарлы іс-шаралардың, алқа және Үйлестіру Кеңесі, жедел кеңестерінің  шешімдерінің, облыс прокуратурасының жұмыс Регламентінің сапалы орындалуын, сондай-ақ олардың материалдарын әзірлеуді  қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Бас Прокурордың нормативтік-құқықтық және  ұйымдастыру-өкімдік актілеріне сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары;

- денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;

- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;

- прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес болуы;

-  құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;

-  мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

-  осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 25.09.2014 жылғы №118 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу Ережесі негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Ереже).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесідей құжаттарды тапсырады:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) қызмет нәтижелері туралы анықтама;

3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ұсыным хат;

Қызметкерлер жеке басын сипаттайтын өзге де қосымша материалдар бере алады.

Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімі бұзылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін кері қайтарады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде келесі  мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы,  Ө. Сеитов к. 6, анықтама үшін телефон:  8(7132) 90-14-58,  e-mail: 7132381@prokuror.kz.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ өтеді.

Қызметкерлер конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.