«Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ-і прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс туралы келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

1.       Ақтөбе облысы прокуратурасының басқарма бастығы - Аппарат басшысы (C-OGP-4 санаты) – 1 бірлік;

Лауазымдық айлық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қатысты 132 020 теңгеден 178 032 теңгеге дейін.

Атқарымдық міндеттер:

         - Аппаратқа жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;

         - прокуратураның құрылымдық бөлімшелерімен және төмен тұрған прокуратуралармен прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша  өзара іс-қимылдары мен  үйлестіруді, прокурорлық тәжірибені жетілдіруді қамтамасыз етеді;

         - прокурорлармен Қазақстан Республикасы Президенті  Жарлықтарының және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша басқа  да шешімдерінің, Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының және облыс прокурорының бұйрықтары, нұсқаулары мен өкімдерінің,  облыстық Үйлестіру Кеңесінің, облыс прокуратурасы алқасының хаттамалық шешімдерінің, жоспарлы іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

         - облыс прокуроры тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізеді;

         - облыс прокурорына Аппаратта дайындалған облыс прокурорының шешімдері талап етілетін тапсырмалардың жобалары мен өзге де материалдардың уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;

         - облыс прокурорының облыс әкімі Аппаратымен, облыстық және консультативтік  кеңес органдарымен байланысты қамтамасыз етеді;

         - облыс прокуратурасының алқа мәжілісін, облыс прокуроры жанындағы аппараттық және жедел кеңестерді және оның қатысуымен өткізілетін басқа да іс-шараларды өткізуге әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруды   жүзеге асырады;

         - облыс прокурорының баяндамалары мен  сөз сөйлеу тезистерінің  жобаларын, сондай-ақ өзге де қажетті талдау және анықтамалық материалдарды  дайындауды қамтамасыз етеді;

         - облыс прокуратурасының заңдылық пен  құқықтық тәртіпті  қамтамасыз ету қызметін ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтамасыз етеді;

         - облыс прокуратурасының жұмыс жоспарларын құрылымдық бөлімшелердің, аудан прокурорларының дәйектемелі ұсыныстарының негізінде  әзірлеуді қамтамасыз етеді;

         - прокуратура органдарында жұмысты ұйымдастыруды, бақылау және орындалуын тексеру жағдайын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;

         - облыс прокурорының ұйымдық-өкімдік актілерін әзірлеуді қамтамасыз етеді;

         - облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерімен және төмен тұрған прокуратуралармен ұйымдық-өкімдік құжаттарды дайындау мен ресімдеу тәртібінің сақталуына тексеру жүргізуді жүзеге асырады;

         - төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне инспекторлық және өзге де кешенді тексерулер жүргізу, іс жүзінде  көмек көрсету үшін, жергілікті орындарға іссапарларға шығуды ұйымдастырады;

         - «Облыстық құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесі туралы» Ережеге сәйкес, Кеңес Хатшысы міндетін атқарады;

         - облыс прокурорына қол қою үшін  ұсынылатын құжаттарды әзірлеу мен құжатқа бұрыштама қоюдың белгіленген  тәртібінің сақталуын, негізділігін, сапасын тексереді,  қажет болған жағдайларда – өңдеу үшін орындаушыға кері қайтарады.

         - облыс прокуратурасының жұмысы туралы Бас прокуратураға қызметтік жазба дайындау мен   жолдауды қамтамасыз етеді;

         - облыс прокурорының облыстағы заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы туралы Бас Прокурорға есеп беруін  дайындауды жүзеге асырады;

         - Аппарат жұмысына қатысты  мәселелер  туралы жедел кеңестер өткізеді, келіп түскен материалдарды Аппарат қызметкерлерінің арасында  бөледі, олардың атқарымдық міндеттеріне сәйкес, оларға тапсырмалар береді;

         - Аппараттағы орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Облыс прокурорының алдына қызметкерлерді мадақтау  және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

         -Аппарат қызметкерлерінің аттестациясын дайындайды;

         - ай сайын облыс прокуратурасының кезекші прокурорларының жұмыс кестесін қалыптастырады;

         - облыс прокуратурасының кезекші бөлімінің мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының кезекші прокурорларымен тиісті деңгейдегі өзара іс-қимылы мен ақпарат алмасуын ұйымдастырады;

         -  ақпарат алмасу және ашық ақпарат көздерінің (БАҚ, интернет ресурстары және т.с.с.) мониторингі нәтижесінде келіп түсетін хабарламаларды өңдеу үшін талдайды және  облыс прокуроры үшін ақпараттық-анықтамалық материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді;

         - дағдарысты жағдайлар болуы кезінде прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді жақсарту және тиімділігін арттыру бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау туралы ұсыныстарды алдын ала әзірлейді;

         - Аппаратта облыс прокуратурасының жұмыс Регламентінің және іс жүргізу бойынша нормативтік актілерінің  талаптарының  сақталуын бақылайды;

         - Аппараттың міндеттері мен атқарымдық міндеттерінен туындайтын облыс прокурорының өзге де тапсырмаларын орындайды;

         - Аппарат жұмысына жауапкершілік атқарады.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім;

- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;

- прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес болуы;

-  құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;

-  мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

-  осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 25.09.2018 жылғы №118 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу Ережесі негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Ереже).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесідей құжаттарды тапсырады:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) қызмет нәтижелері туралы анықтама;

3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ұсыным хат;

            4) кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi (басқа аймақтағы прокуратураларына қатысты);

Қызметкерлер жеке басын сипаттайтын өзге де қосымша материалдар бере алады.

Ережелердің 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзімі бұзылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін кері қайтарады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде келесі  мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы,  Ө. Сеитов к. 6, анықтама үшін телефон:  8(7132) 90-14-58,  e-mail: 7132381@prokuror.kz.

Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ-де өтеді.

Қызметкерлер конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.