Ақтөбе облысы прокуратурасының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Ақтөбе облысының прокуратурасы, 030000, Ақтөбе қаласы, Ө. Сеитов к.6, анықтама үшін телефоны:  факс 8(7132) 90-14-58,  e-mail: 7132381@prokuror.kz, Ақтөбе облысы прокуратурасының мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1.    Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 353 теңгеден 112 376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын, басқа  да құжаттарды, прокуратура органдарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысады; прокуратура органдарының элкектронды ақпараттық ресурстарын қорғау жүйелерінің  үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді;  пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарға (интернет, электрондық почта, ақпараттық желілер және т.с.с), локальді есептеу және корпоративтік желілерге  қолжетімділік құқығын беру жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады; бас прокуратура серверіндегі  қолданыстағы деректер  мен ақпараттар базасындағы мәліметтердің резервтік көшірмелерін  жасау жұмыстарының уақытылы  жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді; облыс прокуратураларының желілік қауіпсіздігін (ақпарттарға рұқсатсыз кіруден, қарау немесе жүйедегі файлдар мен деректерді өзгертуден қорғау) қамтамасыз етеді; құрылатын ақпараттық жүйелердің ақпараттандыру саласындағы  ақпараттық қауіпсіздік,  ақпараттық қауіпсіздік  бойынша заманауи технологиялар нарығының талаптарына сәйкестілігіне  талдау жүргізеді; басшылыққа электрондық ақпарат ресурстарымен жұмыс құқығын асыра пайдалану жағдайы және олар бойынша алынған шаралар  туралы уақытылы хабарлайды; электрондық ақпараттық ресурстар қауіпсіздігіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады; телекоммуникациялық жүйелердің сенімді және үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша  кешенді жұмыс жүргізеді;  байланыс желілерінің құрылысы кезіндегі техникалық қадағалауды ұйымдастырады; номенклатура бойынша материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді; ресми іс -шаралардың дыбыстық жазбаларын, фото-бейне түсірілімдерін жасау бойынша техникалық бөлігін ұйымдастырады;  негізгі өндірістік құрал-жабдықтардың түгендеу есебін жүргізуді, тозығы жеткен қондырғыларды анықтауды ұйымдастырады;   энергетикалық құрал-жабдықтарды, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша бюджеттік тапсырыстарға талдау жасауды жүзеге асырады; атқарымдық міндеттерінен туындайтын прокуратура басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды; бөлімге жүктелген  міндеттер мен атқарымдық міндеттерді орындауға дербес жауапкершілік атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:

Жоғары білім: техникалық ғылымдар жəне технологиялар (ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, ақпаратты қорғау немесе байланыс), әскери іс жəне қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), құқық.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен  құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну  конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Ақтөбе облысының прокуратурасында өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен  кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.