Ақтөбе қаласы прокуратурасы Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының заңсыз қаулысына наразылық келтірді

10 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10 маусым 2013 жылғы қаулысымен С.Ж. Абдрахманов Қазақстан Республикасы Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі ҚР ӘҚБтК) 111 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және  оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу арқылы жалпы сомасы  34 620 теңге мемлекет пайдасына кірістелді.
Соттың қаулысында көрсетілгендей, уәкілетті органмен, кәмелетке толмаған, 03 желтоқсан 1997 жылы туылған, Ақтөбе қаласының №16 орта мектебінің оқушысы А.С.Абдрахмановтың әкесі өзінің  ата-аналық  құқығын, тиісті орындамауы салдарынан оның баласы А.С.Абдрахмановтың 2012-2013 оқу жылдарында, атап айтқанда 2012 жылдың 20 маусымы күні өзгенің мүлкін тонау мақсатында ұрлық жасауына жол берілгендіктен, С.Ж.Абдрахмановқа қатысты ҚР ӘҚБтК 111 бабы 1 бөлігімен әкімшілік іс қозғалған.
Ақтөбе қ.  ІІБ Зауыт ПБ АБ аға тергеушісі А.А.Аликуловтың 29.06.2012 жылғы қаулысымен жасы кәмелетке толмаған А.С.Абдрахмановқа қатысты ҚР ҚК 175-б., 1-б. бойынша қозғалған қылмыстық іс, оның кәмелет жасына толмауына байланысты, қысқартылған.
ҚР ӘҚБтК 69-б., 5-б. сәйкес, құқық бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде, қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс қысқартылған жағдайда, адам қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
ҚР ӘҚБтК 580-б., 1-б. 5-т. сәйкес, әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуiне байланысты, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс өндірісін бастауға болмайды, ал басталған iс  өндірісі қысқартылуға жатады.
Сөйтіп, С.Ж.Абдрахмановты әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту мерзімі  өткізіліп жіберілген және сотпен әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы заң нормалары дұрыс қолданылмаған.
Осыған байланысты, Ақтөбе қаласының прокуратурасы жоғарыда  атап көрсетілген сот қаулысына наразылық келтірді.  
Ақтөбе облыстық сотының  апелляциялық сатысының 03 шілде 2013 жылғы қаулысымен Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10 маусым 2013 жылғы қаулысы бұзылып, С.Ж.Абдрахмановқа қатысты әкімшілік іс өндірісі қысқартылып, Ақтөбе қаласы прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.

Ақтөбе қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу