Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау

27 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысы прокуратурасы ағымдағы жыл басынан бастап 409 жұмысшыға 168 млн. теңгеден астам мөлшердегі  еңбекақы бойынша  берешекті өтеуді қамтамасыз етті. 

Мәселен, қадағалау актісі бойынша «Башкирское шахтопроходческое управление - Казахстан» ЖШС-нан 350 жұмысшынің пайдасына 160 млн. теңге өндірілді.

Сондай-ақ басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың нәтижесінде ЖК «Кенжебекова» 7 жұмысшыға 3,8 млн.теңге мөлшеріндегі, «АСКА Экспо Центр» ЖШС-нде 52 жұмысшыға сомасы 5 млн.теңге еңбекақы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді.

Жалпы алғанда, еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін,  аталған жұмыс берушілер 770 мың теңгеден астам айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

 

Ақтөбе облысы прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу