Жер учаскелерін беру мерзімдерін бұзу үшін әкімшілік жауаптылық

29 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе қ. Алматы ауданының прокуратурасы жер учаскелерін беру кезіндегі заңдылық жағдайына талдау жасады.

Жер Кодексінің  және  Ұлттық экономика Министрінің бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерінің саудасын немесе жалға алу (беру) құқығын ұйымдастыру мен жүргізу  Ережелерінің   талаптарына сәйкес жергілікті атқару органының жер беру туралы шешімі сауда аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.

         Десек те, талдау көрсеткендей, Ақтөбе қ. жер қатынастары Бөлімінің лауазымды тұлғалары жер учаскелерін беру туралы шешімді қабылдау мерзімдерін сақтамайды. 

         Мысалға, 11 сәуір 2019 жылы өткізілген аукционның нәтижелері бойынша серіктестіктердің бірі Ақтөбе қ. Батыс тұрғын үй аумағында әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы объектілері бар көп қабатты тұрғын үй кешенін  орналастыру және қызмет көрсету үшін 3 жыл мерзімге уақытша жер пайдалануға көлемі  3,5 Га жер учаскесін берумен жеңімпаз деп танылған.

          Алайда, жер учаскесін беру туралы Ақтөбе қ. әкімдігінің қаулысы бір жарым ай уақыт өткеннен кейін, тек қана 29 мамыр 2019ж. шығарылған.  

Осыған ұқсас, тиісті қаулылары 4 ай өткен соң шығарылған  жарнамалар конструкцияларын орналастыруға арналған жер учаскелерін беру мерзімдері де бұзылған. 

Талдау нәтижелері бойынша, заңдылықты бұзуды жою туралы аудан прокуратурасының   ұсынуының  негізінде  Ақтөбе облысының жер пайдалану мен  қорғауды бақылау  Басқармасы Ақтөбе қ. жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы Бөлімінің сектор меңгерушісін ӘҚБтК-тің 137-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартты. 

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу