Жер қатынастары заңнамаларын қолдану заңдылығын тексеру нәтижелері

23 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Үстіміздегі жылы  Мәртөк аудандық прокуратурасы жер қатынастары заңнамаларының қолданылу заңдылығына  тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексеру барысында  біршама заң бұзушылық деректері анықталды.
Мәселен, Мәртөк селолық округі әкімдігінің өкімімен В.А.Сарбупеноваға    Мәртөк селосында жалпы аумағы 0,12 га құрайтын жер участогі берілген. Оның ішінде  0,02 га құрайтын жер участогі  жеке  қосалқы шаруашылық жүргізуге, 0,10 га жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген.
Алайда, осы уақытқа дейін, яғни 6 жылдан астам уақыт бойы, меншік  иесімен аталған жер участогі пайдаланылмаған.  Бұл ретте жер участогін, оның пайдаланылмауына байланысты, қайтарып алу шаралары да  алынбаған.
Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Мәртөк селосында бүгінгі күні   меншік иелерімен игерілмеген барлығы 13 жер участогі анықталды.
Сонымен қатар тексеру кезінде қорытындыны  заңмен белгіленген мерзімнен асырып жасау бойынша көптеген деректер анықталды.
Мәселен, 8 қараша 2012 жылы «Елена» ШҚ жер участогінің, 12 күннен кейін қаралып, берілгені туралы шағымы келіп түсті.
Сондай-ақ жеке тұлға және заңды тұлға өтініштерін қарау тәртібін бұзу бойынша да деректер анықталды.
Мәселен, 28 қыркүйек 2012 жылы «Ринат»  ШҚ  басшысы Б.Жангелдиннен жер участогін жалдау туралы, аудан әкімімен 19 желтоқсан 2012 жылы, яғни 3 ай мерзім өтіп кеткеннен кейін қаулы шығарылған,   келісімшартты тоқтату туралы өтініш келіп түсті. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының  Жер Кодексінің 82-б. талаптарын бұзу арқылы жалдау келісімшартын тоқтату туралы  келісімшарт жасалмаған және талапкерге жауап берілмеген.     
Аудан прокуратурасының ұсынысы негізінде  Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі бастығының 11 сәуір 2013 жылғы  бұйрығымен бөлімнің бас маманы А.Даримова және жетекші маманы С.Ракишева Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-б. 1-тарм.,10,12-т.т. сәйкес, тәпртіптік жауапкершілікке тартылды.  
Сондай-ақ аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша жалпы сомасы 2.773.740 теңге мөлшеріндегі төлем, аудандық бюджетке жер пайдаланушылардан жер участкелерін пайдаланғандары үшін, келіп түсті.             

Мәртөк аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу