Жеңіс Күнін атап өтуге арналған іс-шара

07 мамыр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

6 мамыр 2016 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасында  Отан қорғаушылар Күні және Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Іс-шара аясында «Мен - қазақтың сарбазымын» атты патриоттық әндер конкурсы өткізіліп, оған облыс прокуратурасының, әскери және көлік прокуратурасының қызметкерлері қатысты.

Мерекелік шарада бірнеше қызметкерлер Бас Прокурордың және Ақтөбе облысы прокурорының бұйрығымен марапатталды.

Сондай-ақ облыс прокуратурасымен 2016 жылдың сәуір-мамыр айларында өткізілген жоғарғы оқу орындары арасындағы «Ақтөбе облысы прокурорының кубогы» үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және прокуратура органдарына 25 жыл толуына арналған конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

    

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу