Жайсан арнайы мектебіндегі оқушыны ұрып-соғу бойынша күдікті оқытушының ісі сотқа жолданды

01 наурыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

     21 ақпан  2018 жылы прокуратураға Жайсан арнайы білім беру мекемесіндегі балалармен  қатал, қатыгездік  қарым-қатынас туралы құқық қорғаушы Алима Абдированың шағымы келіп түсті.

     Аталған дерек бойынша а.ж. 22 ақпанында Мәртөк АІІБ Қылмыстық Кодекстің 140-бабының 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандарды  тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

     Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шегінде, 15 ақпан 2018 жылы түскі мезгілде мекеме тәрбиешісі асхана үй-жайында 2003 ж.т. тәрбиеленушіге қол жұмсағаны (қолымен ұрғаны) анықталды.

     Дене жарақатын келтіруге  тәрбиеленушімен ішкі күн тәртібі ережелерінің бұзылуы себеп болған (өзге тәрбиеленушімен араздасуы).

     Тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауында болды.   

     Күдікті ретінде мекеменің  тәрбиешісі, Мәртөк ауданы Жайсан селосының 27 жастағы  тұрғыны  танылды.

     Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс мән-жайы бойынша қарау үшін, а.ж.1 наурызы күні облыстық кәмелетке толмағандар ісі бойынша Мамандандырылған  ауданаралық сотына жолданды.

 

     Ақтөбе облысы прокуртурасының баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу