«ЗЕРДЕЛЕУ, ЖЕТІЛУ, ЖҰМЫС ЖАСАУ»

13 маусым 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«ЗЕРДЕЛЕУ, ЖЕТІЛУ, ЖҰМЫС ЖАСАУ» - 1950458809

Облыс прокуратурасы процессуалдық прокурорлар институтын дамыту мақсатында интерактивті технологияларды пайдалану арқылы іс-тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды.  

ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты бөлімінің  бастығы құқық қорғау қызметі бойынша PhD докторы  Р.А.Медиевпен облыс прокуратурасы органдары қызметкерлерінің алдында, қарап-тексеру өндірісін (қайта өндірісін ) дұрыс жүргізуді оқытып-үйрете отырып, оларға меңгерту  үшін  «Оқиға орынын виртуальдық қарап-тексеру» оқу-әдістемелік бағдарлама кешенінің  тұсауы кесілді.

Жаңа ғылыми-техникалық құрал әртүрлі қылмыстар кезінде оқиға орынын  қарауға және арнайы жарақтандырылған оқу полигонынсыз, яғни компьютерлік класс жағдайында, іс жүзінде  оқытуға кең мүмкіндік береді.

Бейнеконференцбайланыс  құралдары  арқылы өткізілген  оқу сабақтарында қала және аудандар деңгейіндегі  прокуратуралардың қызметкерлері қатысты.

Прокуратура қызметкерлерінің қылмыстық процесс саласындағы   біліктіліктерін арттыру шегінде облыс прокуратурасы мен  Ақтөбе заң институты арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, сондай-ақ  теориялық және практикалық сабақтар өткізу жоспарлануда. 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу