Заңсыз мигранттар

27 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстанда пайдаланылатын шетелдік жұмыс күшінің кейбір бөлігі заңсыз мигранттар. Олардың арасында көбіне маусымдық жұмыстарда жасайтын біліктілігі, тәрбиесі төмен адамдар басым. Күнделікті өмірде жасаған тірлігіміздің өзінен адам еңбегін саудаға салып еліміздің заңдылығына қарсы әрекет етіп жататындығымыз ащы да болса шындық. Мәселен, құрылыс жұмыстары үшін  арнайы мамандарды немесе өз тұрғындарымызды емес, шетелден заңсыз келген өзге ұлт өкілдерін жалдаймыз.
Шалқар аудандық прокуратурасымен 2013 жылдың осы уақытында  Өзбекстан Республикасының 12 азаматтары ауданда заңсыз құрылыс жұмыстарымен айналысып жатырған жерінен анықталып ұсталынды.
Жалпы Өзбекстан Республикасының азаматтары Шалқар ауданына «Бейнеу» немесе «Қазығұрт» бақылау өткізу бекеті арқылы кіріп,  аудандық ІІБ-не жеке мақсатта келдік деген негізде жалған белгі қойдырып, кейін әртүрлі бағыттағы жұмыстармен айналысады. Мысалы, Шалқар қаласында 20.08.2013 жылы аудан прокуратурасымен Өзбекстан Республикасының азаматтары Х.Каххаров, Т.Курбанов, М.Мамасолиев, Ф.Розиков, т.б елде болу ережесінің талаптарын  бұзғандары үшін ҚР ӘҚБТК-нің 394-бабы 3-бөлігімен әкімшілік істер қозғалып, сотпен қамауға алынды.
Ал, Отандастарымыз осындай шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқандықтары үшін ҚР ӘҚБТК-нің 396-баптарына сай әкімшілік жазаларға тартылып, қомақты көлемде  айыппұлдар салынуда.
Тұрғындарымыз қаржыларын оп оңай үнемдейміз деп жүріп, өз жерлестерімізді жұмыссыз қалдыруымен қатар, елімізге әр түрлі теріс пиғылдағы және теріс діни бағыттағы шетел азаматтарын кіргізуге жол ашып, ел қауіпсіздігіне, экономикасына нұқсан келтіруімен қатар, өздерінің болашақта келеңсіз жағдайларға душар болмау жағдайында қатаң ескеруі қажет.    

Шалқар аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу