Үйлестіру Кеңесінің отырысында діни ахуалдың жай-күйі қаралды

04 мамыр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасында заңдылықты,  құқықтық  тәртіп және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізіліп, онда өңірдегі діни ахуалдың жай-күйі және оны одан әрі жақсарту шаралары қаралды.

Кеңес отырысына Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, уәкілетті мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Кеңес отырысында экстремизмге қарсы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың жұмыстары, прокурорлық тексерулердің нәтижелері мен діни ахуал бойынша жасалған талдаулары қаралды.

Кеңес мүшелері мен  шақырылғандар кәмелетке толмағандар арасында діни тақырып бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері талқылады.  

Талқылау нәтижелері бойынша экстремистік идеологиялардың таралуына қарсы тұруға қатысты ақпараттық жұмысты жандандыру бойынша қосымша шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

Сондай-ақ Үйлестіру Кеңесінің отырысында облыс прокуратурасымен ұсынылған 2016 жылға арналған өңірдегі экстремизм мен терроризмге қарсы бірыңғай профилактикалық шаралар жоспары облыс әкімімен бекітілді.  

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу