Үйлестіру Кеңесінің отырысы туралы

22 маусым 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасында браконьерлікке қарсы күрес саласындағы шаралардың тиімділігі мәселесі қаралған заңдылықты,  құқықтық  тәртіп және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша Үйлестіру Кеңесінің  кеңейтілген отырысы өткізілді.

Қаралатын мәселенің еліміздің бірқатар өңірлер үшін өзекті болуына байланысты, Кеңес жұмысына Бас прокуратура, ішкі істер Министрлігі және ауылшаруашылығы Министрлігі қызметкерлері қатысты. Үйлестіру Кеңесінің жұмысына бейнебайланыс арқылы Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының прокуратуралары, сондай-ақ облыстың уәкілетті мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қарау нәтижелері бойынша Үйлестіру Кеңесінің шешімімен уәкілетті органдардың, оның ішінде өңірлік деңгейде, браконьерлікке қарсы күрес мәселелері бойынша өзара іс-қимылды одан әрі жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

         

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу