үстел теннисі бойынша өңіраралық жарыс

21 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
үстел теннисі бойынша өңіраралық жарыс - 451513765

Үстел теннисі бойынша өңіраралық жарыс

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы а.ж. 18 қазанда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекіткен 2019 жылдың 2-жартыжылдығына спорттық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын орындау шеңберінде үстел теннисі бойынша өңіраралық жарыс өткізді.

Көрсетілген жарыстар облыс прокурасы бекіткен үстел теннисі жарысының регламентіне  сәйкес  Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облысы прокуратуралары қызметкерлерінің арасында  өткізілді.

Жарыс қорытындысы  бойынша ерлер арасында М.Махашев, әйелдер арасында А.Есімғалиқызы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Көрсетілген іс-шараларға қызметкерлердің тиісті деңгейдегі дене тәрбиесі даярлығын және ұжымдағы корпоративтік рухты нығайтуды  қамтамасыз ету мақсатында бастамашылық жасалады.

 

                        Ақтөбе облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу