Сыбайлас жемқорлықпен күрес

23 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шалқар ауданы сотында қаралған 31.07.2013 жылғы сот үкімімен бұрынғы Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Садыков Тулибайды лауазымды адам бола тұра қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланып, Шалқар ауданы Кішіқұм аулының тұрғыны Ж.Сагымбаеваның атына ашылған «Сыдық» шаруа қожалығына 3 500 гектар жер учаскесін 49 жылға жалға беру туралы құжаттарын дайындау үшін жеке өзіне пайда мен артықшылық табу мақсатында 150 000 теңге алғандықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, айыптау үкімі шығарылды.
    Осы қыркүйек айындағы Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасының қаулысымен Т.Садыковты айыптау үкімі заңды күшіне енді, яғни сотталушымен оның қорғаушысының келтірген шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылып, Т.Садыков сыбайлас жемқорлық қатысты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Шалқар ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу