«Сотталғандардың еңбек құқығы қорғалды»

27 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасымен «Еңбек - Ақтөбе» РМК-ның филиалының қызметінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарының  сақталу заңдылығына тексеру жұмыстыры жүргізілді.

         Бұл еңбек саласы бойынша  жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде «Еңбек - Ақтөбе» РМК-ның филиалында жұмыс жасап жатқан 256 сотталғандарға 2013 жылдың қаңтар және ақпан айларына жалпы 1.622.846 тенге көлемінде жалақылары төленбей отырғандығы анықталды.

         Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23 бабының 2 бөлігінің 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтау көзделген.

Аталған кодекстің 134-бабына сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. 

       Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті.

       Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі және төлем жасалған күнмен аяқталады.

         Сонымен «Еңбек - Ақтөбе» РМК-ның филиалының тарапынан еңбек заңнамасы бойынша жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, аталған кәсіпорынның басшылары тарапынан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23 бабының және 134 бабының талаптарын бұзу салдарынан  жұмыс жасап жүрген 256 жұмысшының конституциялық құқықтары бұзылған.

         Сондықтан Ақтөбе облысының түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасымен Ақтөбе облыстық еңбек және халықтың әлеуметтік жағдайын бақылау департаментінің бастығының атына ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде 256 сотталғанның жалақылары төленіп, жұмыс беруші лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Ақтөбе облысының

мамандандырылған прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу