Сот орындаушысы жауапқа тартылды

22 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алға аудандық прокуратурасымен Алға ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімшесінде алимент өндіру бойынша атқару құжаттарының заңдылығына тексеру жүргізу барысында ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңындағы анықталған заңбұзушылықтары бойынша «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет агенттігі» ММ-сі басшысы атына заң бұзушылықтарды жою және лауазымды қызметкерлерінің тәртіптік шарасын алу жөнінде ұсыныс жолданды.
    Ұсыныс қарау нәтижесі бойынша облыстық Тәртіптік кеңес шешімімен «Ақтөбе облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті» ММ басшысына Алға ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімшесінің аға сот орындаушысы Л.Мажитованы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыным жолданған.
«Ақтөбе облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті» ММ басшысының 2013 жылғы 13 мамырдағы бұйрығы бойынша Тәртіптік кеңес шешімі негізінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Л.Мажитова атқарып жүрген лауазымынан босатылды.

Ақтөбе облысы
Алға ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу