«Сот орындаушылары жауапқа тартылды»

04 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Хромтау аудандық прокуратурасына  жер телімдеріне тыйым салу заңдылығын тексеру  бойынша  «Ақжар Агро» ЖШС директоры арызданды.

Осыған байланысты аудандық прокуратура тарапынан  тексеру жүргізіліп, тексеріс барысында 19.12.2012 жылы «Искра-А» ЖШС  жалға алу келісім шартын мерзімінен бұрын бұзу жолымен жер телімдерін қайтарып, 2013 жылдың ақпан айында «Ақжар Агро» ЖШС-на 10 жыл мерзімге жалға берілгені анықталды.

Бірақ,  «Искра-А» ЖШС -нен  берешекті қайтару туралы атқарушылық істің болмауына қарамастан, Хромтау аумақтық  бөлімінің аға сот атқарушысы А.Молдағұлова «Искра-А» ЖШС   жер телімдеріне тыйым  салу туралы заңсыз қаулы шығарған, «Ақжар Агро» ЖШС аталған жер телімдеріне белгіленген тәртіпке сәйкес құқығын тіркей алмаған.

Тексеру нәтижесі бойынша Хромтау аудандық прокуратурасы тарапынан А.Молдағұлованың Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін  Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттіктің Ақтөбе облыстық басқармасының Тәртіптік кеңесіне  ұсыныс жіберілді.

Хромтау аудандық прокуратурасының ұсынысын қарау қорытындысы бойынша Тәртіптік кеңес  21 мамыр 2013 жылы Ақтөбе облысы сот  актілерін орындау Департаментіне  шара қабылдау туралы ұсыныс беріп, оған сәйкес 2013 жылдың 24 мамырындағы  №343 бұйрық бойынша А.Молдағұлова  қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу