Сот актілерінің орындалуын қадағалау

25 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасы балаларды асырап бағу үшін алимент өндіріп алу туралы құжаттарды орындау кезіндегі заңдылық жағдайына жүргізілген талдау барысында уәкілетті органдар жұмысындағы  елеулі кемшіліктерді анықтады.

Атап айтқанда, сот орындаушылары (мемлекеттік, жеке) 16 мың баланың пайдасы үшін жалпы сомасы   315 млн.теңгеден астам соттардың шешімдерін орындауды қамтамасыз ету үшін тиісті деңгейдегі шаралар қабылдамайды.    

Құжаттары борышкерлердің жұмыс орындарына жолданбаған, олардың мүліктерін бағалау, тыйым салу және сатуды іске асыру жүргізілмеген ондаған істер анықталды. 

Мысалға, төлем бойынша берешек  сомасы 900 мың.тг.  құрайтын Ибраевтың екі автомашинасына өндіріп алу шарасы қолданылмаған.

Елден тыс аймақтарға шығуға уақытылы шектеу қойылмау салдарынан, борышкерлер шекараны еркін түрде кесіп өтуде. 

Мәселен, Досмаганбетовтің жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам берешегі бар болуы жағдайында, ол демалу үшін Түркияға кедергісіз шыққан. Осындай көлемде берешегі бар келесі бір ер адам Ресейде төрт рет болған. 

Сот орындаушылары жүргізуші куәліктерінің қолданылу (әрекет ету)  уақытын тоқтату шараларын алмау фактілеріне жол берген.

Балмуханов кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін жалпы сомасы 2 млн.теңге мөлшеріндегі ақша қаражатын төлеуден жалтарып, көлік құралын өз еркінше басқарып жүрген. 

Балалардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында, облыс  прокуратурасы Әділет департаментінің атына ұсыныс енгізді.

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу