Прокурорлық ықпал ету шараларымен мүгедектердің құқықтары қорғалды

01 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Құқық және Еңбек» өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру барысында Хромтау ауданының прокуратурасына еңбек және кәсіби науқастық бойынша мүгедегі К.Тенизбаев, И.Герат, Е.Шляшев, В.Царуш, А.Федосеев және Ю.Кихтенко арызбен келді.
Атап айтқанда, олар бұрынғы жұмыс берушісі «Казхром» ТҰК» АҚ-ның Дөн ТКБ іс-әрекетіне қатысты шағым айтып, денсаулығының жағдайы бойынша орташа еңбек ақы сақталуымен жұмыстан шыққандарын, алайда, жұмыс беруші еңбек ақыны  қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта есептемей отырғанын көрсетті.
Тексерумен «Казхром» ТҰК» АҚ-ның Дөн ТКБ келтірілген зиян үшін жауапты жұмыс беруші болып танылған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 938 бабына енгізіліген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жұмыс беруші кәсібі мен біліктілігі дәл осындай қызметкердің орташа жалақысының мөлшерін ұлғайтқан кезде жоғалтылған табысты (кірісті) өтеу сомаларын қайта есептеуге міндетті.
    Алайда, заңнаманың аталған талаптарына қарамастан жұмыс берушімен еңбек қайта есептеуі 2 жылдан астам уақыттан бері жасалмаған.
    Аудан прокуратурасының ұсынысын қарау нәтижесі бойынша «Казхром» ТҰК» АҚ-ның Дөн ТКБ тиісті қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп, аталған азаматтарға қосымша 2,6 млн. астам теңге төленді.

Хромтау ауданының
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу