Прокурорлар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

04 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерлері маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі –  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты жағдайда атап өтті.

Прокурорлар Қазақстан Республикасының Әнұранын асқақтата шырқап, облыс прокуроры Н.М.Әбдіровтың мерекелік құттықтау сөзін және облыс прокуратурасы Аппаратының Басшысы Р.А.Жасановтың баяндамасын тыңдады. 

            Салтанатты жиын барысында прокурорларға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен әзірленген «Біздің еліміздің мемлекеттік рәміздері» тақырыбына  арналған  бейнеролик көрсетілді.

Бұл бейнероликтің негізгі идеясы – мемлекеттік рәміздердің мемлекеттің мызғымас негізі және  атрибуттар ретіндегі  мазмұнын  ашу, сондай-ақ  шығу тарихын баяндау. 

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы аудандарының прокурорлары да тарихта біздің егемен Еліміздің жаңа мемлекеттік рәміздерінің туған күні болып сақталып қалатын тарихи оқиға ретіндегі 4-маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу рәсімін өткізді.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

(Ақтөбе, 4 маусым 2013 жыл)

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу